05 шіл, 2024 сағат 17:44

Қазақстанда жол ақысын төлей алмаған жасөспірімдерді автобустан түсіріп тастауға тыйым салынады


Фото: t.me/kolikpress


Енді ата-анасынсыз балаларды қоғамдық көліктен ешкім мәжбүрлеп шығарып жібере алмайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Stan.kz сайтына сілтеме жасап.


Көлік министрлігі жыл басынан бері талқыланып келе жатқан заң өз күшіне енгенін мәлімдеді. Жанында ата-анасы жоқ 16 жасқа дейінгі жасөспірім жол ақысын төлей алмаса да, оны қоғамдық көліктен түсіріп тастауға тыйым салынады. 


Жүргізуші міндетті түрде полицияға немесе қамқоршылық қорғаншылық органдарына хабарласуға тиіс. Олар баланың отбасылық жағдайын тексереді.


Бұған дейін алматылық тұрғын автобус орындықтарына ине қойып кететіндер туралы ескерткен еді.