Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын 1,8 млн адам алды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
2021 жылғы 26 маусымдағы мәлімет бойынша, елімізде I компонентпен 3 081 548 адам вакцина салдырды, II компонентпен 1 869 481 адам егілді.
Коронавирус вакцинасының толық дозасын алған өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр – 283 318 адам. Одан кейінгі орындарда Алматы облысы (195 334), Түркістан облысы (168 351), Шымкент қаласы (146 201), Қарағанды облысы (145 001) және Нұр-Сұлтан қаласы (142 781) тұр. Қалған өңірлердегі көрсеткіш 100 мың адамға жетпейді.
