11 мау, 2024 сағат 16:24

Қазақстанда тағы бір петицияға 50 мың қол жиналды

Сурет: ашық дереккөз

Шенеуніктерге құмар ойын ойнауға тыйым салуды талап ететін петиция 50 мың қол жинады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Петицияның сипаттамасында шенеуніктердің билік пен қазынаға қол жеткізе отырып, мемлекеттік қаражатты үлкен көлемде жоғалтатыны жазылған.

"Тек өз отбасыларын ғана емес, бізді де тонайды. Халықтың еткен еңбегін жоққа шығарады. Алматы облысының казиносындағы бір ғана ресми тексеру кезінде 305 шенеуніктің жарты миллиард теңгеден айырылғаны анықталды. Орташа алғанда, әрқайсысы шамамен 1,7 миллион теңгені салған", – делінген жазбада.


Авторлар мұны тек бір тексеру көрсеткенін және бұл тек ресми түрде айтылған деректер екенін атап өтті. Бұл петицияға белсенділік танытқандар көбейіп, 50 мың қолға жетті.