12 сәу, 2024 сағат 12:02

Қазақстанда отасатын жұптың бестен бірі ұлтаралық неке


Қазақстанда әрбір бесінші жаңа отбасы екі өзге ұлт өкілінен тұрады. 

Data Hub хабарлауынша, 2023 жыл қорытындысы бойынша астаналықтар басқа өңірлерге қарағанда жиі некелеседі: 1000 адамға шаққанда 7,46 көрсеткішке ие. Ал Түркістан облысында некеге тұру көрсеткіші ең төмен болды, онда 1000 адамға шаққанда 5,55.

Сарапшылар Қазақстандағы неке туралы тағы бірнеше қызықты деректерді жариялады:

10 жағдайдың 8-інде қазақстандықтар бірінші рет отау құрады. Елдегі күйеу жігіттердің орташа жасы – 27,8 жас, ал қалыңдықтікі – 25,2 жас;

2023 жылы некеге тұрған ерлердің басым бөлігі 20 мен 39 жас аралығында (85%), ал әйелдердің басым бөлігі 18 бен 34 жас аралығында (82%) болды.

Қазақстанда көтерілетін әрбір бесінші шаңырақ екі өзге ұлт өкілінен тұрады. Келіншектердің 41%-ы – жоғары білімді. Ал жоғары оқу орнын бітірген күйеу жігіттердің үлесі біршама төмен – 39%.

Некелердің көпшілігі маусым мен тамыз айларында, ең азы қаңтар мен ақпанда қиылады.

Автор: Дулат Жумагазин