05 қаң, 2025 сағат 11:45

Қазақстанда мереке күндері пиротехникадан 63 адам зардап шеккен


Фото:ufacity.info

Қазақстанда мереке күндері пиротехникалық құралдардан зардап шеккендер саны 63 адамға жетті, деп хабарлайды Ult.kz.

Олардың 20-сы балалар екенін Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

4 қаңтардағы мәліметке сәйкес, 12 адам ауруханаға жатқызылған, оның ішінде 5 бала бар.

Зардап шеккендердің басым бөлігі Алматы қаласынан (19 адам) және Жамбыл облысынан (11 адам). Көбіне жарақаттар көз аймағында және қолда болған, сондай-ақ күйіктер тіркелген. Министрлік мәліметінше, зардап шеккендер арасында орташа ауыр дәрежедегі жарақат алғандар бар. Атап айтқанда, бір адам алдыңғы құрсақ қабырғасынан жарақат алған, оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.