20 қыр, 2024 сағат 17:04

Қазақстанда қылмыс жасаған шетелдіктерді депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр

Фото: pexels.com

Қазақстанда көші-қонды бақылауды күшейтуге бағытталған түзетулердің жаңа топтамасын әзірлеу мәселесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.

Түзетулердің бірінші пакетін қамтитын заңға биыл мамыр айында қол қойылды, атап айтқанда, бұрын балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасаған адамдарға Қазақстанға кіруге тыйым салынады, сондай-ақ тұрақты тұруға және азаматтыққа қабылдауға рұқсат беруден бас тарту енгізіледі.

Сондай-ақ экстремистік немесе террористік әрекеттерге қатысы бар шетелдіктердің кіруіне тыйым салынады.


"Қазіргі уақытта көші-қонды бақылауды күшейтуге бағытталған түзетулердің жаңа пакетін әзірлеу мәселесі талқылануда. Шетелдіктерді тіркеу институтын қайтару мәселесі қарастырылып жатыр, ол туристерге емес, Қазақстанда 30 күннен артық болғысы келетіндерге қатысты болады. Шетелдіктерді тіркеу тетігі мен тәртібін ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оңайлатылған түрде жүргізу жоспарланып отыр", - деді ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, жалған тіркеу үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту қажет. 

Депортациялаудың жаңа институтын енгізу жоспарланып отыр, бұл қаскөй заңбұзушыларды Қазақстаннан тез шығаруға мүмкіндік береді.