Фото: Pexels.com
Қазақстанда Еуропалық иммундау апталығы басталды, ол 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында «Барлығын иммундауға қол жеткізу – біздің қолымызда» ұранымен өтеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, егудің арқасында Қазақстанда 1996 жылдан бастап полиомиелит, 2009 жылдан бастап дифтерия тіркелмеген. Эпидпаротитпен сырқаттанушылық 100 еседен астам, А гепатиті — 32 есе, В гепатиті — 92 есе, қызамық — 2000 еседен астам төмендеді.
Бүгінгі таңда иммундау бағдарламасы 21 инфекциядан қорғауды қамтиды. Алайда, соңғы уақытта қызылшамен және көкжөтелмен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық байқалады: қызылша бойынша 75% жағдай және көкжөтел бойынша 87% жағдай жоспарлы вакцинациялау алмаған балаларға тиесілі.
2024 жылдан бастап Ұлттық күнтізбеге 11-13 жас аралығындағы қыздарға арналған АПВ-ға қарсы вакцинациялау қосылды. Қазіргі уақытта бір дозамен 11-13 жастағы 133 169 қыз, екі дозамен - 21 194 қыз егілді.