29 қаң, 2025 сағат 11:18

Қазақстанда бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салынды

Фото:depositphotos.com

Энергетика министрлігі, Қаржы министрлігі, Ішкі істер министрлігі және ҰҚК "Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрыққа өзгеріс енгізді, - деп хабарлайды Ult.kz.

Құжатта, Қазақстан Республикасы аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, деп жазылған.

Бұған өндіруші көрсеткен көліктердің газ цистерналарында тасымалданатын майлау майлары мен жанармай кірмейді. Ғылыми зерттеулер, біліктілік және зертханалық сынақтар мақсатында авиациялық жанармайды әкетуге де уәкілетті органдармен келісім бойынша рұқсат етіледі.

Бұл тыйым мұнай өнімдерінің ішкі нарығын тұрақтандыруға және елдегі ықтимал жанармай тапшылығының алдын алуға бағытталған, деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Бұйрық 2025 жылдың 29 қаңтарында күшіне енді.