12 мау, 2024 сағат 16:40

Қазақстанда баспана мәселесіне қатысты ауқымды өзгерістер болады

Сурет: ашық дереккөз

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ол мынадай өзгерістерді қамтиды:

Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады

  1. Енді "Отбасы Банкі" АҚ ұлттық даму институтына айналады. Тұрғын үйді орналастыру, есепке алу және бөлу функциялары жергілікті атқарушы органдардан осы институтқа беріледі.
  2. Екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар "Отбасы банкінің" екінші деңгейдегі банктер жүйесінде және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінде сақталуына бағытталған түзетулер енгізді. Сондай-ақ банк қызметін лицензиялау жалғаса береді. 
  3. Енді "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" жаңа электронды деректер базасы құрылады, онда баспанаға мұқтаж және "Отбасы банкінде" тіркелген азаматтар туралы мәліметтер қамтылады.
  4. Бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алып, оны жекешелендіріп алған азаматтарды тіркеуден бас тарту нормасы енгізіледі. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша ипотекалық несие алғандар да  тіркелмейтін болды.