22 қаз, 2021 сағат 17:49

Қазақстанда балаларды міндетті вакциналау туралы бұйрыққа қол қойылды - фейк


"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларды COVID-19 қарсы міндетті вакцинациялау туралы бұйрыққа қол қойғаны туралы хабарлама таратылуда. Бұл - жалған" деп жазады stopfake.kz сайты.


Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 12 жастан асқан барлық балаларды COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға міндеттейтін бұйрық туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның ресми өкілі мұндай бұйрық жоқ екенін мәлімдеді.

– Қазіргі уақытта вакцинаның қажетті көлемін есептеу, суық тізбекті қамтамасыз ету жүргізілді (Pfizer вакцинасы үшін ультра төмен температуралық режимді сақтау қажет -минус 60 -90 градус Цельсий). Жасөспірімдерді егуге арналған вакцинаны алудың болжалды уақыты – биыл қарашаның екінші онкүндігінде. Аталған топтарға жататын тұлғаларды вакцинациялау олардың ақпараттандырылған ерікті келісімінен кейін, жасөспірімдерді – тек ата-аналардың немесе ресми өкілдердің келісімі бойынша ғана жүзеге асырылатынын атап өткеніміз жөн, – деп хабарлады Ержан Байтанаев.

Айта кетейік, Еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов халықты коронавирустық инфекцияға қарсы Pfizer вакцинасымен егу бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіткен болатын. Бірінші кезеңде препарат 16-37 апта мерзіміндегі жүкті әйелдерге және 16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге егіледі.