Фото: ашық дереккөз
2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында елімізде 77,3 мың бала дүниеге келген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16%-ға төмен, деп хабарлайды Ult.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең күрт құлдырау Ақмола және Жетісу облыстарында байқалған.
Өлім көрсеткіші 7%-ға азайғанымен, табиғи өсім де 20,7%-ға қысқарды. Соңғы жылда халық саны тек 46,3 мың адамға артқан.