Фото: Pexels.com
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова еліміздегі халық саны мен туу көрсеткіштері туралы осындай мәлімет беріп отыр. Айтуынша, елімізде әйелдер мен ерлер арасында өмір сүру ұзақтығында айтарлықтай айырмашылық бар.
Министрдің айтуынша, биыл туу коэффициенті 6,2% төмендеген. Ал өткен жылы еліміз 2004 жылдан бері туудың ең төменгі деңгейін тіркеді.
Әлназарова ерлер мен әйелдер арасындағы өмір сүру ұзақтығының айтарлықтай айырмашылығын атап өтті. Орташа алғанда, әйелдер 8 жыл ұзағырақ өмір сүреді екен.
Ерлер арасындағы жоғары өлімнің негізгі себептері суицид, қылмыс, жол-көлік оқиғалары, өндірістегі жазатайым оқиғалар, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары аурулары болып отыр.