03 қаз, 2024 сағат 10:34

Қазақстанда Атом есімді 5 адам тұрып жатыр

Фото: pixabay.com

Статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда Атом есімді 5 адам тұрады. Ең кішісі 3 жаста, ал үлкені – 66 жаста. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.

Бұл есім иелері Ақмола мен Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында тұрады.

Сонымен қатар құрамында "атом" сөзі бар мынадай есімдер де кездеседі:

  • - Атомжан — 2 адам
  • - Атомбек — 6 адам
  • - Атомвек — 2 адам
  • - Атомтай — 1 адам

Ескерте кететін жайт, аталған есім иелерінің 80%-ы 47 жастан асқан және олар Қазақстанның 11 өңірінде тұрады.

Алайда елімізде Референдум есімді адам жоқ екені айтылады.