Фото: Gov.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда 83 048 ардагер тұрады, деп хабарлайды Ult.kz.
Оның ішінде:
-
Ұлы Отан соғысының (ҰОС) ардагерлері – 111 адам;
-
Жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер – 16 796 адам;
-
Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері – 26 553 адам;
-
ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері – 39 588 адам.
2025 жылы осы санаттағы азаматтарға 4,3 миллиард теңге көлемінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленген. Жыл бойы бұл мақсаттарға 17 миллиард теңге бөлінген.
Ардагерлерге төленетін жәрдемақылар мөлшері
Республикалық бюджеттен ардагерлерге ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы барлық санаттарға әлеуметтік төлемдерден бөлек келесі мөлшерде төленеді:
-
ҰОС ардагерлері – 16 АЕК (2025 жылы 62 912 теңге).
-
Жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер:
-
Жарақат, контузия немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдар – 7,55 АЕК (2025 жылы 29 687 теңге).
-
ҰОС қатысушыларына жеңілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар – 6,19 АЕК (2025 жылы 24 339 теңге).
-
-
Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:
-
Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар – 6,19 АЕК (2025 жылы 24 339 теңге).
-
Тәжік-Ауған шекарасын қорғау, Ирактағы бітімгершілік операция және Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығыстарға қатысушылар – 4,8 АЕК (2025 жылы 18 874 теңге).
-
-
ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері – 2,13 АЕК (2025 жылы 8 376 теңге).
Мемлекет ардагерлерге қолдау көрсетуге ерекше назар аударып, олардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.