10 ақп, 2021 сағат 07:52

Қазақстанда 4 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілген

Осы сәттегі жағдай бойынша елімізде екі облыста 4 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгзіліген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ИИДМ баспасөз қызметі сілтеме жасап.

10.02.21ж сағат 8:00-дегі жағдай бойынша автокөліктер үшін қозғалысқа келесідей учаскелерде шектеу енгізілген: 

- «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-200 шақырымында, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысының шекарасы аралығындағы учаскеде. 

- «Алматы-Өскемен» автожолының 480-615 шақырымында, атап айтқанда, Көлбай ауылы мен Шығыс Қазақстан облысының шекарасы («CITIC Construction Co.. Ltd» ЖШС реконструкциялау учаскесі) аралығындағы учаскеде. 

- «Алматы-Өскемен» автожолының 615-683 шақырымында, атап айтқанда, Алматы облысының шекарасы мен Таскескен ауылының аралығындағы учаскеде, сондай-ақ, 683-768 шақырымында, яғни Таскескен ауылы мен Аягөз қаласының аралығындағы учаскеде.

- «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолының 200-254 шақырымында, атап айтқанда, Ақмола облысының шекарасы мен Шідерті ауылының аралығындағы учаскеде қозғалысқа шектеу енгізілді.