22 мау, 2021 сағат 15:39

Қазақстанда 15 мыңнан астам шетел азаматы еңбек етіп жүр


15 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 15 668 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруда.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттың ішінде мынадай санаттар бар: 

бірінші санат – 667 (басшылар және олардың орынбасарлары) 

екінші санат – 3 260 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). 

Тартылған жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 592 адам және 517 адам. 

Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 825 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 807 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 782 жұмыс беруші бар. 

Онда шамамен 483 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл - жалпы жұмысшылар санының 97 пайызы. 

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер: Қытай – 3 689 адам, Өзбекстан – 1 887 адам, Түркия – 1 679 адам, Үндістан – 1 090 адам, Ұлыбритания – 959 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 

2021 жылы квота мөлшері - жұмыс күшіне шаққанда 0,31% немесе 29,3 мың.