28 сәу, 2024 сағат 13:05

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді



ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 4 сағат 58 минутта жер сілкінісін тіркеді деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".


Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 320 шақырым жерде, Қытай мен Қазақстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,9. MPV Магнитудасы – 4.8. Жер сілкінісінің координаттары – 44,79° с.б. 80,23° ш.б. Тереңдігі – 10 км.
Қазақстан аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат жоқ.