17 нау, 2025 сағат 11:23

​​Қазақстан колледждерінің «ТОП — 100 студенті» республикалық байқауы басталды

Фото: Pexels.com

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында республикалық «ТОП — 100 студент» конкурсының басталғаны туралы хабарлайды, деп жазады Ult.kz.

Мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің талантты және перспективалы студенттерін анықтау және қолдау, сондай-ақ Қазақстан экономикасының түрлі салалары үшін жоғары білікті мамандардың кадрлық резервін жасақтау.

Байқау үш кезеңмен өткізіледі:

  • • іріктеу кезеңі — колледж ішінде өтеді;
  • • өңірлік кезең — әр колледжден бес студент қатысады;
  • • республикалық кезең —шешуші кезеңде әр аймақтан 10 үздік студент сайысқа түседі.

Байқауға қатысушылардың жұмыстарын сарапшылар: білім беру, өнер және гуманитарлық ғылымдар, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, бизнес, басқару және құқық, әлеуметтік ғылымдар және ақпарат, ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, сондай-ақ қызмет көрсету  бағыттары бойынша бағалайды.

Байқауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  ниет білдірген барлық студенттері қатыса алады.