08 қаң, 2025 сағат 13:46

Қазақстан еңбек мигранттарын тартуға арналған квоталарды қысқартты


Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан еңбек мигранттарын тартуға арналған квоталарды қысқартты. Еңбек министрлігі тиісті бұйрық шығарды. Енді 2025 жылға арналған квоталар жұмыс күшінің пайыздық қатынаста мынандай:

жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге берген рұқсаттар бойынша 0,2% (0,23%) мөлшерінде;
еңбек иммигранттарын тартуға – 3% мөлшерінде (3,1%-дан) мөлшерінде.

Бұйрық ресми жарияланған күннен бастап 10 күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 13 233 шетел азаматы жұмыс істейді, деп хабарлады еңбек министрлігіндегілер.