05 ақп, 2025 сағат 12:00

Қазақстан ауылдарынан жаппай көшу антирекорд жаңартты

Фото: rudnyi-altai.kz

2024 жылы Қазақстан ауылдарындағы халықтың миграциялық сальдосы (-111,4 мың адам) теріс көрсеткішке жетті. Бұл соңғы 25 жылдағы ең төменгі нәтиже болып отыр. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 2000 жылы тіркелген еді, деп хабарлайды Ult.kz DATA HUB Telegram арнасына сілтеме жасап.

Негізгі мәліметтер:

  • Миграциялық сальдо (ауылдан кеткендер мен келгендер арасындағы айырмашылық) жыл сайын теріс мән көрсетіп келеді. Бірақ биылғы жағдай ерекше, өйткені айырмашылық он мыңдаған емес, жүз мыңдаған адамға жетті.
  • Миграциялық сальдо барлық өңірде теріс болғанымен, тек Алматы облысы (+7,6 мың адам) мен Атырау облысында (+275 адам) ғана оң нәтиже байқалды.

Түркістан облысы көшбасшы

Ауылдардан көшу көрсеткішіне ең көп үлес қосқан өңір – Түркістан облысы. Бұл өңірден -29,2 мың адам көшіп кеткен, бұл жалпы теріс көрсеткіштің 26%-ын құрайды.

Табиғи өсім жағдайды құтқара алмады

Ауылдардағы табиғи өсім (туу мен өлім арасындағы айырмашылық) 96,8 мың адамды құраса да, ол теріс миграцияны өтей алмады. Осылайша, ауыл халқы өткен жылмен салыстырғанда -14,6 мың адамға азайды.

Урбанизация деңгейі өсуде

Керісінше, қалалық халық саны +266,8 мың адамға көбейіп, елдегі урбанизация деңгейі жаңа рекорд орнатты. Қазіргі уақытта қалалық халықтың үлесі 63%-ға жетті, бұл 2000 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.