22 нау, 2025 сағат 13:21

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдердің қатарына кірді

Фото: Pexels.com

World Happiness Report рейтингіне сәйкес, Қазақстан ең бақытты тұрғындары бар 50 елдің қатарына енді, деп хабарлайды Ult.kz.

Рейтингте Қазақстан 43-орынға жайғасып, Ресейді, Қырғызстанды, Тәжікстанды, Арменияны, Грузияны және Әзербайжанды артта қалдырды.

Әлемдегі ең бақытты ел қатарынан Финляндия сегізінші жыл қатарынан бірінші орынды иеленді. Үздік бестікке сондай-ақ Дания, Исландия, Швеция және Нидерланды кірді.

Алғашқы 20 елдің қатарына Коста-Рика, Норвегия, Израиль, Люксембург, Мексика, Австралия, Жаңа Зеландия, Швейцария, Бельгия, Ирландия, Литва, Австрия, Канада, Словения және Чехия енді.

Украина бұл рейтингте 111-орынға тұрақтады.