22 қаз, 2024 сағат 16:14

Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы Светлана Назарбаева қайтыс болды


Фото: ғаламтордан


Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы Светлана Назарбаева 77 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».


Светлана Назарбаева филолог, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Дәуір» полиграфиялық баспа кешенінің бас директоры болды.


Сонымен қатар Светлана Назарбаева жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысатын «Интердизайн-АС» астаналық компаниясының иесі.


Ол Алматы облысы, Бөрлі-Төбе ауданы, Лепсі ауылында дүниеге келген.