27 сәу, 2026 сағат 15:55

Қасым-Жомарт Тоқаев Король Виллем-Александрды Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады


Фото: Ақорда


Мемлекет басшысы жеделхатта Король күні мерекесінде көрініс тапқан ұлттық ынтымақ пен бірлік құндылықтарының арқасында Нидерланд алдағы уақытта да өсіп-өркендей беретініне сенім білдірді.


– Қазақстан – голландықтардың өнері мен мәдениетінде тамыр жайған қызғалдақтың түп отаны. Бүгінде ол халықтарымыз арасындағы достықтың символына айналды. Біз Нидерландпен арадағы уақыт тезінен өткен қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз әрі қос халықтың игілігі үшін түрлі саладағы серіктестікті одан әрі нығайтуға бейілміз, – делінген хатта. 


Қасым-Жомарт Тоқаев Виллем-Александрдың игі бастамаларына табыс, сондай-ақ Король отбасы мен Нидерланд халқына бақ-береке тіледі.