
Алматыда карантин шараларының күшеюіне байланысты қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды.
Құжатқа сәйкес көрмелер, конференция, форумдар, отбасылық мерекелер, той, мерейтой өткізуге тыйым салынған.
Қоғамдық тамақтану орындары таңғы 9.00 - 20.00 аралығында 50% сыйымдылықпен ашық болады.
Сонымен қатар, фудкорттар мен сауда үйіндегі тамақтану орындары таңғы 10.00 мен 24.00 аралығында үйге алып кету режимімен жұмыс істей алады.
Қаулы 13 наурыздан күшіне енеді.
