
Судья Естай Исабековтің бауыры Қарағанды мейрамханасында болған тойдың видеосынан кейін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оқиғаның мән-жайын Қазыбек би атындағы ауданның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өкілдері баяндады.
Той "Рубин" мейрамханасында судья Естай Исабековтің анасының құрметіне өткені хабарланды. Ол туған күнін атап өткен.
"Материалды қарау барысында Исабеков тексеру нәтижелерімен танысуы және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 425-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы рәсімдеу үшін басқармаға шақырылды. Исабековтің 12.02.2021 жылғы жазбаша өтінішіне сәйкес іс-шараны бауыры А.Р. Исабеков ұйымдастырған", - деп хабарлады Қазыбек би атындағы ауданның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өкілі.
