03 нау, 2021 сағат 13:00

Қарағандыда көпқабатты үйдің дәлізінен екі айлық нәресте табылды

Қарағанды қаласының 15-ықшамауданында үйдің дәлізінен көрпеге оралған екі айлық қыз бала табылды. Көкек ана іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz ресурсына сілтеме жасап.

3 наурыз күні сағат 00.15 шамасында Октябрь полиция бөлімінің кезекші бөліміне 15-ықшамауданда үйлердің бірінің дәлізіне белгісіз біреудің көрпеге оралған екі айлық қыз баланы тастап кеткені туралы хабарлама түсті. 

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды. 

Бала ауруханаға жеткізілді. 

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 119-бабының 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Полиция қызметкерлері баланың анасын анықтау үшін жұмыс жүргізуде.