17 нау, 2021 сағат 07:20

Қарағандыда Әлихан Бөкейхановтың ұлы мұрасы талқыланды

Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейхан: ұлы мұрат жолында» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Іс-шараға барлығы 80-ге жуық құжат пен өтініш келіп түсті. 

Конференция жұмысы екі бағытта өтті: «Ә. Н.Бөкейхан - ұлы идеал жолындағы көшбасшы» және «Ә. Н. Бөкейхан және оның рухани мұрасы». 

Кездесуде «Мәңгілік ел» ұлттық идеологиясының қағидаттарына сәйкес қоғам қайраткері көзқарастарының өзектілігі, қоғамды жаңғырту проблемалары және тарихи шындық туралы айтылды.

Екінші бөлім мерейтой иесінің рухани мұрасына арналды. Оның аудармашы, әдебиеттанушы, ағартушы, тарихшы, педагог және публицист ретіндегі қызметі жайлы сөз қозғалды. 

Конференция жұмысына тарих ғылымдарының кандидаты, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрсахан Бейсенбекова, филология ғылымдарының докторы, профессор Жандос Смағұлов, Ortalyq Qazaqstan газетінің бас редакторы Ерсін Мұсабеков және т. б. қатысты.