#
#
Жексенбі 11/04/2021

Қарағанды облысында жайылымдарды басқару қатаң бақылауға алынады

  • 04.03.2021
  • 0
  • 205

Қарағанды облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Арман Лямбеков мәслихат депутаттарына өңірдегі жайылымдарды басқару жоспарын қатаң бақылауға алуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауыл шаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Ауыл тұрғындарына жайылым жетіспейді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені шешуді тапсырды. 

Пайдаланылмайтын жайылым жерін қалай қайтаруға болады? Нұра ауданындағы кездесуде осы проблема талқыланды. 

Кеңесті Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров пен жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор Арман Лямбеков өткізді. 

Бейнеконференцияға ауылдық округ әкімдері қатысты.

Арман Лямбеков Жер кодексіндегі өзгерістерге назар аударды. 

«Жергілікті атқарушы органдарға халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету бойынша барлық құралдар берілген. Заңнамалық база бар, оны пайдалану керек. ҚР Жер кодексінің 17 бабына сәйкес аудандық мәслихаттар жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарды уақтылы бекітуі қажет. Оның нақты орындалуы мен депутаттар тарапынан қатаң бақылау мәселені шешуге ықпал етеді», - деді ол. 

Кездесуде жайылым туралы заң да сөз болды. Оны қалай толық көлемде жүзеге асыру керектігі талқыланды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар