
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері күнделікті қызметінде апаттық-құтқару немесе алдын алу жұмысын жүргізу барысында халықпен үнемі байланыста болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Коронавирус инфекциясымен ауыру қаупін азайту мақсатында Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлерін вакциналау басталды.
Бүгінгі таңда 20-дан астам қызметкер КВИ вакцинасының алғашқы компонентін қабылдады.
Вакцинация ерікті негізде жүргізіледі.
«Әрбір азаматты өзін, жақындарын және айналасындағыларды коронавирустық инфекциядан қорғайтын маңызды ережелерді есте сақтауға шақырамыз», - деп хабарлады Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

