26 нау, 2021 сағат 18:25

Қапшағайда табылған медициналық қалдық жойылды

Қапшағай қаласының Восточный шағын ауданындағы жағалау аймағында табылған медициналық қалдықтар кәдеге жаратылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік, Қапшағай қаласының Восточный шағын ауданның жағалау аймағында медициналық қалдықты тастау фактісі бойынша, онда Алматы облысы бойынша Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы барғанын хабарлады. Сапар кезінде қала әкімдігі мен «Қапшағай Көркейту» ЖШС жағалауды тазалағаны анықталды, содан кейін қалдықтар (пайдаланылған шприц, инфузиялық жүйе және т.б.) ары қарай утилизациялау үшін полигон аумағына уақытша жеткізілген.

«Қазіргі уақытта медициналық қалдықтар «МВ Арна» ЖШС мамандандырылған ұйымында жойылды. Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметі осы қалдықтың иесін анықтау үшін тергеу іс-шараларын жүргізіп жатқанын хабарлаймыз», делінген хабарламада.