Отандық арналардың біріндегі «Сана» хабарында заманауи баспа ісі тақырыбы қозғалды. Аталған бағдарламаға «Мазмұндама» қоғамдық қорының басшысы Теңіз Сейілхан, «Фолиант» баспасы қазақ редакциясының бас редакторы Фарида Тобашалова, «Muqaba» баспасының директоры Арман Әлменбет, «Qasym баспа үйі» шығармашылық директоры Ұлан Еркінбай қатысып, өзекті мәселелерді талқылады, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Алдымен жалпы қоғам үшін, кез келген мемлекет үшін баспа ісі, кітап шығару ісі қаншалықты маңызды екені айтылып, қатысушылар осы саланың стратегиялық маңызына тоқталды.
«Баспа ісі - елдің дамуы, елдің келешегі. Баспа ісіне қатысты айтылатын үлкен-үлкен келелі мәселелер көп. Соның өзі сала-салаға бөлінеді. Бірақ мынау жаңа стратегиялық маңызы деп тұрсыз ғой. Әбіш Кекілбаевтың жақсы сөзі бар «Адамды адам еткен кітап, адамзат еткен - кітапхана» деген. Сондықтан қай ұлтта болсын, тарихи тұрғыдан алсақ, қандай өркениетті елдерде болсын көне мәдениетімізді қарасақ бүгінге дейін бұл біздің өмір сүруіміздің, адам екеніміздің, мәдениетіміздің қалыптасуының, елдік, саналық өсуіміздің тарихи саналық тұрғысынан болсын жалпы, өркениетті сана тұрғысынан болсын, қай жағынан болсын бұның маңыздылығына ешкім талас тудырмайды. Идеологиялық жағынан болсын, қазақша кітаптардың мазмұны, әр баспаның мамандары отыр, осы тұрғыдан бұл тақырыпты қозғай беруге болатын шығар. Ал жалпы стратегиялық тұрғыдан, әрине, кітапсыз қоғамның тұтастығын да, мемлекеттің қауіпсіздігін де елестету қиын», – деді «Qasym баспа үйі» шығармашылық директоры Ұлан Еркінбай.
Сонымен қатар, Ұлан Еркінбай жалпы индустрия ретінде алатын болсақ, білім саласы бар, мәдениет саласы т.т. соның ішінде кітап саласы кенже қалып қойып жатқан жоқ па деген сұрақтың да жауабын бере кетті. Оның айтуынша, қазақша контентті екінші орынға қойып, үлкен саясатта мүсіркетіп қоятын формат бар.
«Егер бір мемлекетті үлкен отбасы деп елестетсек, оның руханиятына пәлен жауапты, анау жауапты, біреу біреуге қарыз дегендей емес. Бұл жерде енді баспа ісі бәсекелестік ортасы болсын, мемлекеттік, идеологиялық жағынан болсын, тең дәрежеде жауапты деп ойлаймын өз басым. Бірақ қазақша контентті екінші орынға қойып, үлкен саясатта мүсіркетіп қоятын формат бар. Соған кіріп кетпесек екен деймін. Ал шын мәнінде, қазақша кітаптар қазір оған арнайы келеміз. Осы отырған баспагерлердің бәрі - тәуелсіз баспагерлер. Қаншалықты бәсекелестік артып жатқанын уақыт көрсетіп жатыр. Алдымыздағы кітаптардың дизайны тек қана біздің ұлттық контент емес, әлемдік мазмұнда да шығарып жатыр», – деді ол.
Ал «Muqaba» баспасының директоры Арман Әлменбет жалпы нарықтың ауқымына, еліміздегі баспа үйлеріне тоқталды.
«Совет өкіметі кезінен құрылған баспалар жұмыс істеп келе жатыр. Соңғы 4-5 жылда дербес жас баспалар пайда болды. Осыған дейінгі сұрағыңызға қосып жауап берсем. Жалпы кітап керек пе деген нәрсе Қазақстан жағдайын мысалға келтіріп қарайықшы. Біз өзі қазақша тұрғыдан ойлаймыз. Адамзат баласының кітап оқуы немесе бізде кітап қаншалықты керек деген тұрғыдан алсақ. Қазақша кітаптар көбеймей тұрып, заманауи кітаптар шықпай тұрған кезде адамдар бәрі кітап оқымай тұрмайды. Сондықтан орысша кітап алып оқыды. Қазақша оқырман жетім бала құсап отырды. Сусап тұрды. Қазақша кітап керек болды. 2017 жылы біз шығарып дүкендерге қоя бастаған кезде бұрынғы Абай, Мағжан, Мұқағалилар ғана тұратын еді. Тендермен шыққан кітаптар. Содан кейін жаңадан кітаптар шығаруға болады екен ғой деген нәрсені біліп алғаннан кейін, қарап отырсаңыз, жазылушысы көп инстаграмдағылардың бәрі кітап шығарып кетті. Бұрынғы айтыскер ме, ол әнші ме, бизнес трейнинг жасайтын адам ба, маңызды емес. Кімнің потписчигі көп соның бәрі кітап шығарды. Соның бәрі өтті. Өйткені кітап оқымай тұрмайды. Осы тұрғыдан келгенде дұрыс кітапты ұсыну деген мәселе туындады. Жаңадан баспалар пайда болды. Олардың аттарын атап айтуға болады. Осы жерде отырған кісілер бар, сыртта жүрген кісілер бар. Мысалы, Бақытжан Бұқарбай, Марфуға Шапияндар бар. Рая Қадыр деген кісі келді Хәрри Поттерді шығарған. Сөйтіп, кітаптардың бәрі пайда болды. Енді үлкен баспаларымыз бар. Бұрыннан келе жатқан, тендермен отырған. Мемлекеттің қолдауы дегенді осы жерде айтуға болады. Мемлекет қолдамайды емес. Қолдап отыр. Бірақ біз қолдамайды деп ойлаймыз. Ақша текке кетіп жатыр дейміз. Бірнеше кітап шығады. Жылына 900-дей өтініш түседі екен. Соның 300-ін шығарады екен. Оның ішінде үлкен-үлкен сенаторлардың бәленбай томдық кітаптары жүреді. Оның ішінде өзінің ықпалы бар. Сол арқылы көп кітап шығады. Пәленбай миллион ақша бөлінеді. Жанама түрде, тікелей түрде кітапқа қолдау бар. Бірақ ол оқырманмен шынайы баспалардың арасында байланысты орнататын, кітап саудасын күшейтетін, қазақша кітаптарды көьейтетін жол емес. Біз соны айтқымыз келген», – деді «Muqaba» баспасының директоры Арман Әлменбет.
1991 жылдан бастап, соңғы 30 жылдағы баспа ісінің дамуына келсек, 2017 жылдан бастап Қазақстанда соңғы 4-5 жылда шағын жеке баспа компаниялар санатына түскен. Өйткені бұған дейін болған кітаптар қоғамның нақты қажеттілігіне жауап бере алмады. Сондықтан да орыстілді кітаптарды алуға мәжбүр болды дедіңіз. Болмаса ескі әдебиет. Заманауи әдебиетті көрген жоқ қазақтілді оқырман. Оның үстіне жеке баспалардың санының көбеюінің өзі, оқырманның кітапқа деген сұранысының өзі біраз нәрсені өзгерткелі жатыр.
«91-ден 93-ке дейін бұрынғы советтік жүйемен кітаптар шығып тұрды. 20 мың дана, 30 мың дана кітаптар шығып тұрды. 93-жылғы кітаптар көп тиражбен шықты. Одан кейін кітап шығу тоқтады. Өйткені рубль шығуымен байланысты ма, білмеймін неге байланысты екенін. Одан кейін бірнеше жыл кітап деген ұмытылды. Сол кезде шыққан жас жазушыларымыз газет-журналдың бетінде қалды. Кітап дейтін тоқтады. Содан кейін ақын-жазушылар кітап шығарып береді деген адамды көрсе құлай кететін жағдайға жетті. Авторлық құқық деген мәселеге келгенде бұған тоқтауға болады. Олар баспа дегенді әлі де үкіметтік деп ойлайды. Бұл жаңағының салдары. Содан кейін халықтың жағдайы жақсарған соң, мемлекеттің жағдайы жақсарған кезде 2006 жылдан бері қарай мемлекет Мәдени Мұра деп, әртүрлі бағдарламамен баспаларға үлкен тендер бөлді. Алтын қалам деген болды. Кім ала алды сол үлкен-үлкен сырты қатты кітптарды том-том қылып бірдей дизайнмен әкесін танытып сол кезде шығарды. Екінші кітап шығара бастаған уақыт сол ғой деймін. Содан кейін бұл нәрсе әлі жалғасып келе жатыр мемлекеттің қолдауы. Сосын дас ұрпақ басқаша ойланып Меломан дүкенінің, «Фоиант» сияқты баспалардың ұйымдастырған көрмелерінің себебі болды, әйтеуір кітаптарды қарап, неге бізде жоқ деп жасап шығара бастады. Сондықтан соңғы 4-5 жылда ояну болды деп ойлаймын өз басым», – деді Арман Әлменбет.
Ал «Фолиант» баспасы қазақ редакциясының бас редакторы Фарида Тобашалованың айтуынша, мемлекеттік тапсырыспен шығатын кітаптар көптеген тиражбен шығады. Бірақ олар бір өкініштісі тек қана кітапханаарға таратылады.
«Республика бойынша аудан, ауылдардағы қарапайым оқырманның қолына жетпейді. Сатылмайлы. Ол кітапханаға арнайы баратын оқырман үшін тиісді болар. Бірақ өздеріңіз білесіздер, қазіргі уақытта ешкім кітапханаға барып арнайы оқымайды. Сондықтан баспаларға мемлекеттен қолдау дегенде, қосылған құн салығын азайтса. Мысалы, басқа елдердің тәжірибесінде бар. Шетелдік әдебиеттерді аударған кезде, Германияда аударманың ақысын өз мойнына алады да, үкіметтен қолдау беріледі. Сол сияқты шетелде ондай қолдау түрлері көп. Бізде жеке баспалар үшін, шыны керек, ондай ешқандай қолдау жоқ», – деді «Фолиант» баспасы қазақ редакциясының бас редакторы Фарида Тобашалова.
Сонымен қатар, «Мазмұндама» қоғамдық қорының басшысы Теңіз Сейілханның айтуынша, Қазақстан бойынша 10 мыңнан аса кітапханалар бар. Облыстарда, қала, ауыл, аудандарда.
«Мен қазір ел-жерді аралап жүрмін. Сол кезде кітапханаға баратын болсам жақсы бір жаңа заманға лайық кітаптар жоқ. Біз ұсынғанда таңғалады. Бірақ алу жақтарынан да жетпейді», – деді ол.