08 қар, 2020 сағат 11:50

Қалила Омаровтың «Алашорда» деректі фильмі желіде жарияланды

Қалила Омаровтың «Алашорда» деректі фильмі желіде жарияланды, деп хабарлайды «Қазақфильм» компаниясы.

«2009 жылы түсірілген Қалила Омаровтың «Алашорда» деректі фильмінде көрнекті ғалымдар, мемлекет, қоғам қайраткерлері, тарихшылар мен жазушылар Алаш автономиясының құрылуы мен Алаш қозғалысының 1905 жылдан бергі қоғамдық-саяси қызметі туралы баяндайды.

Тарихнамалық материалдар сол дәуірдің бейнесі мен кейбір аңызға айналған тұлғалардың тағдырын көпке беймәлім қырынан ашады», делінген «Қазақфильмнің» Instagram-дағы парақшасында. 

Еске сала кетсек, 1917 жылдың 12 желтоқсанында, Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде Алаш Орда үкіметін құрылғаны жарияланған болатын. Жалпықазақ съезі 5-13 желтоқсан аралығында өтті. Либералды демократизм, қазақ халқының мүддесін қорғау - Алаш партиясының саяси платформасын өзгелерден гөрі биікке көтеріп тұрды.