10 мау, 2024 сағат 10:55

Қабанбай батыр мен Хусейн бен Талал қиылысы жөндеуге жабылады


Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылы мен Хусейн Бен Талал көшесінің қиылысында Қабанбай батыр даңғылын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат" Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты 9 маусым сағат 22:00-ден 10 маусым сағат 22: 00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.