24 мау, 2024 сағат 10:39

Италияда қазақстандық вандализм үшін ұсталды: Ол өз есімін ежелгі тарихи қабырғаға жазған

Сурет: Parco Archeologico di Pompei - Ministero della Cultura

Қазақстандық турист Италиядағы Помпей археологиялық саябағындағы Цеев үйінің ежелгі қабырғасында ALI сөзін жазғаны үшін ұсталды. Ер адамға залалды қалпына келтіру міндеттеледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Euronews порталына сілтеме жасап.

Мұражай кеңсесінің мәліметінше, қазақстандық азаматты сенбі күні таңертең қауіпсіздік қызметкерлері Цеев үйіндегі жеңіл сылаққа ALI әріптерін ойып салғаннан кейін ұстаған. Оқиға туралы саябақтың жанында орналасқан стационарлық карабинер постына хабарланған.

Деректерге сай енді турист сәулет ескерткішіне келтірілген залалдың орнын толтыруы шарт. Залалдың нақты сомасы техникалық сараптама жүргізілгеннен кейін айтылады.

Цеев үйі – 1913-1914 жылдары қазылған соңғы самниттік кезеңдегі (б.з. д. II ғасыр) ежелгі тұрғын үйдің сирек кездесетін мысалдарының бірі. Сол себепті мұрайжадағы қабырғалардың өзі ерекше бақылауға алынған.