27 қаз, 2021 сағат 13:01

Фейк: «Жүкті әйелдерге КВИ қарсы екпе олардың келісімінсіз салынады»


Қазнет қолданушылары 22 қарашадан бастап жүкті әйелдерді COVID-19 қарсы вакцинациялай бастайды деген ескерту таратуда. Бұл ретте хабарламада барлығын бірдей егу жоспарланып отырғандықтан, олардың вакцинацияға келісімі немесе одан бас тартуы маңызды болмайтыны айтылған.

Бұл ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды, деп хабарлайды Stopfake.kz сайты.

– Жүкті әйелдерді вакцинациялау егілетіндердің ақпараттандырылған ерікті келісімінен кейін ғана жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі күні жүкті әйелдерге КВИ қарсы вакцина салынып жатқан жоқ, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.