31 қаң, 2025 сағат 14:43

"Ет, бауырсақ, сірне, наурыз көже": Ұлттық ұлан сарбаздары енді ұлттық тағаммен тамақтанады


Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскери қызметшілердің тамақтану рационына ұлттық тағамдарды енгізбек, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ҰҚК Шекара қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігі тыл қызметтері өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында белгілі болды.

Жаңартылған әскери рационға қазақша ет, бауырсақ, сірне, наурыз көже, нарын, кеспе және басқа да дәстүрлі тағамдар енгізіледі. Ұлттық Ұланның баспасөз қызметінің хабарлауынша бұл өзгерістер Қазақ тамақтану академиясымен алдын ала келісілген.

"Калориясы мен энергетикалық құндылығы жоғары ұлттық тағамдармен байытылған рацион зат алмасуды, иммунитетті жақсартуға және қарқынды жүктемеден кейін күш-қуатты қалпына келтіруге ықпал етеді. Әскери медицина және психология саласындағы сарапшылар дәстүрлі тағамдар туған жерін, жақын адамдарын еске салып, мәдени мұрамен байланысты арттырады деп есептейді", - делінген хабарламада.