ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа қарсы қандай вакцина салғызғанын айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Иә, мен «QazVac» вакцинасын салдырдым. Әрине, бұл – қауіпсіздік пен денсаулықты қамтамасыз етудегі өте маңызды қадам. Сондықтан барлық қазақстандықтарға қажетті вакциналарды жедел қабылдауға кеңес беремін. Қазақстанда вакциналардың бірнеше түрі бар. Әзірге вакцинадан басқа жол жоқ», - деді Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сұрағына берген жауабында.
