23 жел, 2024 сағат 18:21

"Ең жек көретін дүнием": Депутат әнші Садраддиннің концертін сынады


Фото: коллаж inbusiness.kz


Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жас әнші Sadraddin-нің концертінің кеш басталғанына ашуланды, деп хабарлайды Ult.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.


“Біз Садраддиннің концертіне келдік. Екі баламды алып келдім. Бірақ концерт 19.00-де басталу керек еді. Сағат 19.40 болды, әлі басталған жоқ. Бұл адамның психологиясын бұзады. Менің ең жек көретін дүнием. Бір жерге бару үшін “Әзір басталмайды” деп біреудің уақытын ұрлап жүріп алады. Бұл дұрыс емес. Егер дәл уақытында басталса, халық та сол уақытта кешікпей келуге тырысады. Сағат 19.46-да басталды. 82 минутта аяқталды”, – деп жазды мәжілісмен. 


Айта кетейік, әнші Садраддин елордада концерт өткізген болатын.