11 нау, 2021 сағат 10:20

Елордадан шығатын үш бағыттағы жол жабылды

Елордадан шығатын үш бағыттағы жол жабылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап. 

11 наурызда сағат 12:00-де ауа-райының қолайсыздығына байланысты (қар, бұрқасын, шектеулі көріну) республикалық «Екатеринбург-Алматы» жолының 1 291-1 426 шақырымы (Нұр-Сұлтан қ. – Теміртау қ.) аралығы автокөліктің барлық түріне жабық.

Сағат 11:45-те ауа-райының қолайсыздығына байланысты (қар, бұрқасын, шектеулі көріну) «Нұр-Сұлтан қ. – Қабанбай батыр ауылы – Киевка кенті – Теміртау қ. « (16-51 шақырымы Нұр-Сұлтан қ. – Қабанбай батыр ауылы) тас жолы автокөліктің барлық түрлеріне жабық.

Сағат 13:00-де ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, шектеулі көріну) «Нұр-Сұлтан-Павлодар» республикалық тас жолының 16-200 шақырымы Нұр-Сұлтан қ.– Ерейментау қ.-Шідерті кенті учаскесінде автокөліктің барлық түрінің жүруі шектелді.