02 сәу, 2021 сағат 19:21

Елордадағы «Алатау» спорт сарайында өрт шықты

Бүгін сағат 20:29-да «Алатау» спорт сарайынан өрт шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның алғашқы деректерін мәлім етті. 

«Бүгін сағат 20: 29-да Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 1/1 мекенжайында орналасқан «Алатау» спорт сарайының бесінші қабатында өрт тұтанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Кабинеттің төбесі түгел отқа оранған», - дейді департаменттің баспасөз қызметіндегілер. 

Ресми дерек бойынша, өрт сағат 20: 57-де толық сөндірілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 39 адам және 12 техника жұмылдырылған.