25 шіл, 2024 сағат 19:34

Елордада үш баланың өмірін құтқарған батыр марапатталды


Елордада үш баланың өмірін құтқарған батыр марапатталды, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

"Елордалық  ТЖД-да  ТЖ министрінің бұйрығына сәйкес өртте адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен Алишер Юсупов марапатталды", -делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында. 

Еске салайық, 20 шілдеде Алишер Юсупов Уалиханов көшесінде супермаркетінің алдында балалардың жылаған дауысын естіген. Жақындап келгенде көліктен түтін шығып жатқанып байқаған. Көлікке жүгіріп келіп, жедел әрі ерлік таныта отырып, көлік ішінен 2018, 2020 және 2022 жылы туған балаларды құтқарып қалған.   

Осылайша оның қорқынышсыз, батыл және жедел әрекетінің арқасында балалардың өмірі құтқарылып, бұл іс ерлік пен адамгершіліктің үлгісіне айналды.