
Елордада коронвирусқа қарсы шектеу шаралары жеңілдеуі мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«8 ақпаннан 10 ақпанға дейін – үш күн бойы «қызыл» аймақта болдық. Содан кейін тағы да «сары» аймаққа ауыстық, қазір біз «сары» аймақта тұрмыз. Осыған байланысты, әрине қазір бекітілген критерийлерге байланысты шектеу шараларын жеңілдету мәселесі қарастырылуда. Яғни, бұл мәселе қазір талқыланып жатыр, егер осы аптада тұрақты түрде «сары» аймақта болсақ, әрине бірқатар жеңілдік қабылданады», - деді С. Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырған онлайн-брифингте.
