
Оқу жылының басынан 25-ші наурызға дейінгі CОVІD-19 жағдайы бойынша 1590 оқушы КВИ жұқтырды.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Оқу жылының басынан 25-ші наурызға дейінгі CОVІD-19 жағдайы бойынша оқушылар арасында барлығы 1590 жағдай тіркелді. Оның ішінде оффлайн режимде оқушылар арасында 30,6% (1103 жағдай), қашықтан оқитындар арасында – 69,4%. Яғни, наурыз айында оффлайн режимде оқитын оқушылар арасында сырқаттанушылық 10%-ға өсті», - деді Бейсенова елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте.
Спикердің айтуынша, оқу жылының басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 92 мектеп карантинге жабылған.
«Жыл басынан бері мектепке дейінгі балалар мекемесіне келген науқас балалардың саны – 145», - деді Бейсенова.
