02 сәу, 2021 сағат 12:19

Елордада атаулы көмек алуға өтініш онлайн қабылдана бастады

Елордада 2021 жылдың ІІ тоқсанына атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтініштер қабылдау басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қауіпті инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында өтініш берушімен тікелей байланысты болдырмау және топталып жиналмау үшін құжаттар электронды үкімет порталы арқылы онлайн түрде қабылданады. Өтініш беруші құжаттарды egov.kz электронды үкімет порталы арқылы онлайн түрде тапсырады. Осы мақсатта Жұмыспен қамту орталығының төрт ауданы (Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр) мамандары Zoom платформасында құжаттарды тапсыру барысын түсіндіріп, видеонұсқаулық ұсынып отыр.

Видеонұсқаулықты мына сілтемеден көруге болады. 

Құжаттарды қабылдау 1-30 сәуір аралығында жүргізіледі. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 3 700-ден астам отбасыға АӘК тағайындалды.

Айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмек — табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен әрбір отбасы мүшесіне тоқсан сайын тағайындалатын ақшалай төлем.