08 ақп, 2021 сағат 10:23

Елорда полицейлері қала тұрғындарын жолда қырағы болуға шақырды

Елордада кеше 80-нен астам жол-көлік оқиғасы тіркелген, зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаяу жүргіншілерге жолдан өткен кезде, ал жүргізушілерге жылдамдық режимін назарда ұстаған жөн. 

Ауа райының бұзылуына байланысты қалааралық көлік қатынасына шектеу қойылған. Осыған байланысты, полицейлер жүргізушілерден қала сыртына жолға шықпауға және ауа-райы, күре жолдардың жағдайы туралы жаңалықтарды қадағалауға шақырды. 

Қалада қалың қар түсіп, коммуналдық қызметтер көшелерді тазалауға арналған арнайы техника барынша көп жұмылдырған. 

Полиция департаменті жүргізушілерден қырағы болып, қар тазалау техникасының колоннасымен бірге еріп жүретін полицейлердің талаптарына түсіністікпен қарауын, көліктерін жолдың бойында қалдырмауын сұрайды.