#
#
Сенбі 17/04/2021

Елорда аумағында су тасқыны қаупі бар учаскелер анықталды

  • 03.03.2021
  • 0
  • 150

Елордада су тасқыны қаупі бар 29 учаске анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басшысының орынбасары Есен Байыров мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, 2021 жылғы 9 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында көктемгі тасқын сулардың ағымдағы жай-күйі және оларды өткізуге дайындық туралы» комиссия отырысын өткізді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне су тасқыны қаупі бар 29 учаске анықталды (2019 және 2020 жылдары– 37), яғни 2019 және 2020 жылдардан бастап 8 учаске азайды.

2021 жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша қала аумағынан 906 286 м3-тан астам қар шығарылды. 

«Бұл ретте елорда бойынша 11 полигон бекітілген, осы полигондарға қар шығарылып жатыр», - деді Есен Байыров онлайн режимдегі брифингі барысында. 

Сонымен қатар қаланың басқару органдарымен бірлесе 2021 жылғы 4-5 наурызда «Көктем 2021» республикалық командалық-штабтық жаттығулары жүргізіледі. Онда азаматтық қорғаудың аумақтық мемлекеттік жүйесінің әзірлігі тексеріледі. 

«Аталған 29 учаскедегі қауіптерге қатысты тиісті іс-шаралар ұйымдастырылады. Су тасқыны зардаптарының алдын алу және жою үшін «Астана Тазалық» ЖШС 12,6 тонна инертті материал қорын, 3,5 мың қап дайындады», - деді департамент өкілі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар