07 мам, 2025 сағат 13:14

Еліміздің білім беру ұйымдарында қанша ер педагог қызмет ететіні белгілі болды

Фото: Pexels.com

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 94 552 ер педагог жұмыс істейді, деп хабарлайды Ult.kz.

Ведомство мұндай ақпаратты «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ мәліметтеріне сүйеніп берген.

94 552 ер педагогтың ішінде 14 055-і колледж, 77 787-сі мектептерде, 2 710-ы мектепке дейінгі ұйымдарында қызмет етеді.