Фото: ашық дереккөз
Бұл былтырмен салыстырғанда 4 есе аз. Десек те, Гонконг және Сингапурда жұқпалы ауру қайтадан белең алған. Наурыз айында аталған елдерде ковидке шалдыққандардың саны 11 есеге артып, қазіргі көрсеткіш 2024 жылдың тамыз айындағыдан асып кетті. Ал Қазақстанда жағдай тұрақты.
Денсаулық сақтау министрлігі күн сайын елде алдын алу шаралары мен бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ресми ақпаратқа сүйенсек, әлемнің біршама елінде және Қазақстанда Омикрон штаммы анықталған.
Оның белгілері: бас ауырып, жөтел қысып, тыныс алу жолдары зақымданады.
Сондықтан министрлік ауру белгілері байқалған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді.