01 қаң, 2025 сағат 15:14

Елімізде жаңа жыл түні 181 бала дүниеге келді


Фото: СҚО әкімдігі

Жаңа жыл қарсаңында республиканың перзентханаларында 181 бала дүниеге келді, оның ішінде 105 ұл мен 76 қыз бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.

Дүние есігін ашқан сәбилердің арасында Маңғыстау облысында бір егіз бар.

— Мереке түнінде туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелді — 34 сәби, екінші орында-Алматы қаласы мен Алматы облысы, онда 17 жаңа туған нәресте дүниеге келді және туу бойынша көшбасшылардың үштігі Шымкент қаласына тиесілі, мұнда 16 отбасы балалы болды, — делінген хабарламада.

Республиканың астанасында жаңа жыл қарсаңында дәл осы күні өткен жылдағыдай 10 сәби дүниеге келді.

Еске сала кетейік, бұған дейін биыл сәбилерге қойылған ең танымал есімдерді жариялаған болатынбыз.