21 қаз, 2024 сағат 12:41

Елімізде мектеп оқушыларының 80%-ның көзі нашар көреді

Фото: Pexels.com

Қазір мектептегі балалардың 70-80 пайызының көру қабілеті нашар. Қазақстандық офтальмологтар осылай дейді. Олардың айтуынша, қазір ата-аналар балаларын алдыңғы парталарға отырғызуға тырысады, деп хабарлайды Ult.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Өйткені перзенттерінің көзі нашар көреді. Мамандар бұл гаджедтердің әсерінен болуы мүмкін екенін алға тартады. Себебі мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар электронды құрылғыларға әуес.

Осының салдарынан көбінде миопия және амблиопия сырқаттары пайда болады. Бұл – көз кемістігі, затты көзге тақап ұстаудан пайда болады. Айта кету керек, баланың көру қабілеті туғаннан бастап 6-7 жасқа дейін дамиды. Сондықтан осы уақытта баланың денсаулығына мұқият мән берген жөн.